Шенеуніктер енді шалқып өмір сүре алмайды | Әлем
- Өзбекстанда әрбір төртінші мемлекеттік қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін. Көрші елде кей министрліктер жойылып, басшылық лауазым иелері азайып жатыр. Жергілікті билік бұған дейін тиісті әкімшілік реформа Эстония мен Грузияда жүргізіліп, жақсы нәтиже көрсеткенін алға тартады.
- Жұмыссыз қалу мәселесі мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, Ай-Ти саласының мамандарына да төніп тұр. Биыл қаңтарда секторда 100 мыңдай адам қысқартуға ұшыраған.
- Ұлыбританияда полицейлерге деген сенім азайды. Олар қорғаудың орнына қорлаған.
- АҚШ-тың мемлекеттік қарызы артты. Сарапшылар мұның соңы әлемдік дағдарысқа ұласуы мүмкін дейді.
- Ал Жапонияда бала туу көрсеткіші көңіл көншітпей отыр. 125 миллион тұрғыны бар елде былтыр 800 мың ғана сәби дүниеге келіпті. Есесіне мұнда қарттар көп. Еуропада да осыған ұқсас жағдай. Бұған мамандар алаңдаулы.
- Ауғанстанда аяздан 170 адам көз жұмды.