Шотландияның жаңа басшысы жайлы не білеміз? | Әлем
- Ақ Үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың басы тағы да дауға қалды. Бұған дейін ол "екі рет импичмент жарияланған президент" ретінде тарихта қалған еді. Енді, міне, қылмыстық іс қозғалған тұңғыш экс-президент атанып отыр.
- Израильде саяси жанжал шыққан еді. Осы аптада жағдай біршама тұрақтала бастағанға ұқсайды. Өйткені премьер-министр жаппай ереуілдерден кейін даулы реформаны тоқтатуға келісті. Бірақ сарапшылар Израиль премьер-министрі елді жік-жікке бөліп отырғанын айтады.
- Украинада демографиялық ахуал ушығып барады. БҰҰ кейінгі бір жылда елдегі халық саны әлемдегі ең жылдам қарқынмен азайғанын айтып дабыл қағуда.
- Венгрияда биыл некесін тіркегендер саны күрт азайып, кейінгі 9 жылда болмаған межеге дейін төмендеп кетті.
- Бразилияда оқушы мұғалімін пышақтады.
- Қырғызстанда ондаған бала иіс судан уланды.
- Өзбекстанда тағы да аттракцион істен шықты.