Сарапшы: «Мароккода мұндай зілзала болатынын ешкім күтпеген еді» | Әлем
- Осы аптада Тәжікстанда Аралды құтқару жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорға соңғы 3 жыл қатарынан Тәжікстан төрағалық еткен. Басқосу қорытындысы бойынша төрағалық 2024 жылдан бастап Қазақстан тарабына өтеді.
- Су мәселесі Еуропа үшін де өзекті. Испанияда қуаңшылыққа байланысты тіршілік нәрін тұтыну шектелді.
- Италияда көші-қон мәселесі ушығып барады. Африкадан келген мигранттардың көптігіне байланысты тіпті төтенше жадғай жариялауға тура келді.
- Солтүстік Африкадағы екі бірдей мемлекет қара жамылды. Мароккода жойқын зілзала, ал Ливияда алапат су тасқыны салдарынан мыңдаған адамның қаза болуына байланысты аза тұту жарияланды.
- АҚШ президентіне импичмент жариялануы мүмкін.
- Ұлыбритания түрмелерінде талай былықтың беті ашылды.