Қараша ең ыстық ай болып тіркелді | Әлем
- БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Газа Секторындағы атыс-шабысты тоқтату туралы қарарға АҚШ вето салды. Органға мүше 15 мемлекеттің 13-і оны қолдап дауыс бергеніне қарамастан құжат қабылданбады.
- Өзбекстанда қылмыс әлемінің серкелері қолға түсті. Арасында "Сәлім байбатша" деген лақап атымен танымал Сәлім Әбдувалиев те бар. Бір кездері ол Ұлттық олимпиада комитетінде басшылық қызметті атқарған еді.
- Ұлыбритания елге заңсыз келген мигранттарды Шығыс Африкадағы Руандаға жібереді. Бұған дейін Жоғарғы сот тиісті шешімге тыйым салған. Бірақ Премьер-министр төтенше жағдай туралы заңды қолдануға ниетті.
- Париждегі жазғы Олимпиада ойындары кезінде қоғамдық көлік ақысы 2 есе қымбаттайды. Қаладан жататын орын табу жағы қиындауы мүмкін. Тұрғындар қауіпсіздігі үшін де алаңдайтынын айтады. Тазалыққа да көңілдері толмайды.