Елде жатырына бала біткен жасөспірім көбейіп барады
Елде жатырына бала біткен жасөспірім көбейіп барады. Мәжіліс қабырғасында депутат Гүлдара Нұрымова жастардың репродуктивті денсаулығына қатысты жағымсыз деректерді жайып салды. Оның айтуынша, жеткіншектерде жыныстық өмір ерте басталады. Бірақ одан келетін қауіп-қатерден көбі бейхабар. Нақты статистика да ахуалдың ушығып тұрғанын көрсетеді.