Ақпарат баршаға қолжетімді
Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі күшейтілмек. Тиісті заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың негізгі мақсаты – азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін барынша кеңінен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен белсенділігін арттыру. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау тұрғысында өте өзекті. Ал заңның орындалуын мәдениет және ақпарат министрлігі бақылайды.