Түркістан және Қызылорда дихандары судан таршылық көруі мүмкін
Қазір Шардара су қоймасының көлемі 4 млн 669 мың текше метрді құрайды. Былтыр наурызда бұл көрсеткіш 5 миллионнан асып кеткен еді. Бұл туралы аграрлық мәселелер комитетінде өткен отырыста белгілі болды. Мамандардың айтуынша Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан елдердің әсерінен су қоймаларының аз толуына байланысты қажетті су көлемі жиналмауы мүмкін.