Мәжіліс балық шаруашылығын дамытуға арналған заңды мақұлдады
Саланың тартымдылығын арттыру үшін балық шабақтары мен жеміне субсидия беру қарастырылған. Ашықтық үшін майшабақтарды санау жабдықтары қолданылады. Олар 4 бассейн инспекциясына қойылмақ. Балық шаруашылығына қажет су бағасын төмендету үшін де арнайы жеңілдік беріледі. Су қоймаларын жалға беру мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұған дейін 5 жылдан 25 жылға дейін берілсе, енді 10-нан 49 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр.