Түрік дәрігерімен мастер-класс
Шеберлік сағаттары. Кез келген салада бұл процесс кәсіби мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Әсіресе медицинада дәрігерлердің тәжірибе алмасуы өте маңызды. Бүгінгі шығарылымда біз қазақстандық дәрігерлердің Түркиядан келген ақхалаттылармен бірге өткізген операциялары туралы айтып, буын үзілгенде қандай жаңа тәсілдермен емдейтіні жайлы сөз қозғаймыз.