2025 жылға дейін халық 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіле ме? | Міндет пен меже

Жер планетасының 70% мұхиттар мен көлдер алып жатыр. Алайда соның тек 3% ғана ішуге жарайды. Қалғаны тұзды. Әлемдік ресурстар институтының болжамы бойынша 2040 жылы Орталық Азиядағы 44 мемлекет тіршілік нәрінің тапшылығын сезінеді. Оның ішінде Қазақстан да бар. 18 жылдан кейін елде ауыз су тапшылығы 50% жетуі мүмкін. Сондықтан қазірден қам жасау қажет. 

2019 жылы Павлодар облысына жасаған сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде, ауылдарда ауыз сумен қамту көрсеткіші төмен екенін сынға алып, Үкімет пен әкімдікке бұл жұмысты жеделдетуді, бюджеттен бөлінген әрбір тиынды тиімді жұмсауды тапсырды. Жалпы өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін халықты 100% таза ауыз сумен қамту міндеті тұр. Межеге жете аламыз ба?

«Міндет пен меже» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.