Қала сыртындағы лагерьлердің тең жартысы жұмыс істемей тұр | Міндет пен меже
Биыл ел бойынша 2,8 млн бала жазғы демалысқа шығып, сауықтыру шараларымен қамтылады. Бірақ жазғы демалыс маусымының басталғанына бір ай өтсе де, қала сыртындағы лагерьлердің тең жартысы жұмыс істемей тұр. Ақпан айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бес өңіріндегі «Президент үйлерін» мектеп, балабақша немесе сауықтыру лагерьлеріне айналдыруды тапсырған еді. Міндет қалай атқарылып жатыр?