Көкшетаудың інжу-маржаны – Бурабай

Бурабай десе көз алдымызға Оқжетпес, Жұмбақтас, қарағайлы орман арасындағы көл елестейтіні анық. Дәл осы картина кез келген қазақстандыққа мектеп оқулығының мұқабасы,  мың құбыла бейнеленген сан түрлі суреттер арқылы таныс. Кең байтақ қазақ даласының ортасында көз тұндырарлық әсемділікпен үйлесім тапқан Бурабай жеріне ұлттық парк статусы берілген.