Астана туризмді дамытуда үлкен қадамдар жасап жатыр

Қазіргі таңда Астанада туризм оқиғалық, медициналық және іскерлік болып негізгі үш бағыт алған. Астанаға келетін қонақтардың әрқайсысының өз мақсаты бар. Мысалы бас қалаға 388 мыңнан астам резидент жеке сапармен келген болса, 132 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатта келген. Шетелдік туристер арасында жеке мақсатпен келгендердің саны 101 мыңнан асады, ал іскерлік мақсатпен 55 мың адам сапар шеккен.