Қазіргі уақытта елімізде қанша жас жұмыссыз жүр?
Бағдарлама қонағы - «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.
1-сұрақ: Биыл - жастар жылы. «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді», деп айтып кетіпті кезінде Ахмет Байтұрсынов. Еліміз осы Жастар жылын тектен тек жариялап отырған жоқ. Қоғамдағы басты проблеманың бірі жұмыссыздық болса, соның ішінде жұмыс таппай сандалып жүрген жастар көп. Неге? Жалпы қазіргі уақытта елімізде қанша жас жұмыссыз жүр?
2-сұрақ: Жастардың жұмыссыз жүруі тек жалақыға ғана тіреліп тұрмаған шығар? Іс қылам деген адамға мемлекеттің көмегі аз емес қой?
3-сұрақ: Студенттерге де жағдай жасалып келеді. Елбасы «2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын» деп нақты көрсетті. Жатақханалар салынып жатыр. Қазір осы жатақханамен қамту мәселесі қаншалықты шешімін тауып отыр. Студенттердің қанша проценті жатақханамен қамтылған?
4-сұрақ: Қалаға ағылғандар көп. Ауылға барып жатқандар шамалы. Бұл белгілі. Ал енді осы орайда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының нәтижесі қандай болып жатыр?
5-сұрақ: Дипломды жастарға жағдай жасап жатырмыз. Ал дипломсыз жастар не істеп жүр? «Nur Otan» жастар қанаты оларға қандай бағыт сілтейді? Қандай көмек бар?