Жолдаудың алғашқы нәтижелері қандай?
Бағдарлама қонағы – Ерлан Сайыров, саясаттанушы.
1-сұрақ: Бүгінгі жиынға өзіңіз қатыстыңыз. Біраз мәселе төңірегінде ашық пікірталас болды. Айталық, Президент азаматтардың зейнетақы жинағынан баспана және білім алуға белгілі бір көлемде қаражат алуына рұқсат беру жайын қарастыруды ұсынған еді. Осы бағытта әзірленген механизм шикі деген пікір айтылды. Сіз не дейсіз?
2-сұрақ: Президент жолдауын осы күздің басында ғана жариялады. Әрине, нақты нәтижелер жайлы ауыз толтырып айтуға ерте екені түсінікті. Дей тұрғанмен, бүгінгі конференция қатысушылары алғашқы нәтижелер бар деп жатты. Ол қандай нәтижелер? Қай сала, қай мәселе бойынша?
3-сұрақ: Президент өз жолдауында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, «Осы іске күш салуымыз керек» деді. Бұл бағытта қандай шаруа атқарылып жатыр?
4-сұрақ: Ауылға маман тарту ісі мардымсыз. Жауапты тұлғалар жастарда ынта аз деді. Бұл түйткілді шешудің жолы қайсы? Сіздің өз пікіріңіз?