Әзімбек Нәлібаев. Тұрғын үй нарығындағы ахуал

Баспана бағасы шарықтап барады.

Мұны қалай тоқтатамыз? Жауаптылар бағаны ырыққа көндіру үшін не істеп жатыр?

Сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы Әзімбек Нәлібаев жауап берді. 

Жасыратыны жоқ, елде құрқылтайтың ұясындай болса да үйім болса ғой деп армандайтындар көп. Қазір жарты миллионнан аса адам үй кезегінде тұр. Ал кезекке алынбай қалғаны қаншама?! Оның үстіне бізде баспана да жеткіліксіз. Үйлердің көбі елордада, Алматы және Шымкент сынды ірі мегаполистерде салынады. Ал өзге өңірлерде жаңа үйлердің тапшылығы байқалады.