Қазақстан заңнамасына қандай өзгерістер енгізіледі? LIVE

Референдум арқылы қабылданған конституциядағы өзгерістердің барлығы да уақыт талабы. Конс­титуция реформасы мемлекеттің барлық моделін кешенді түрде трансформациялауға бағытталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзгерістер «суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды Парламент пен жауапты Үкіметі бар парламенттік республикаға өтуді көздейді. Сондай-ақ конституциялық реформалар қайта қарау халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған. Бұл жерде барынша маңызды мәселе – азаматтардың мүддесін білдіретін Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту. Конституцияға енгізілген өзгерістер туралы заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірәсілов ткіелей байланысқа шығып айтып берді Сондай-ақ Ермек Баяхметұлы Конституциялық реформадан кейін Қазақстан заңнамасына енгізілетін өзгерістерге тоқталды, орталық және жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың құрамы мен қызметін айқындайтын ережелер өзгеретіні туралы айтып берді.