ШЫҰ БҰҰ-ны алмастыра ала ма? LIVE

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінен не күтеміз? Қандай құжаттар қаралуы мүмкін? Астанадағы жиын Қазақстан үшін қаншалықты маңызды?

Осы және өзге де сұрақтарға студия қонағы саяси ғылымдар кандидаты, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Айнұр Абайқызы жауап береді

  1. Бүгінгі алқалы жиында негізгі тақырыпқа тоқталсақ, ұйымның жаһандық қауіпсіздікке ықпалы қандай? Сарапшылар Шанхай ынтымақтастық ұйымы Еуразия құрлығында халықаралық құрылым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін атқара алады деген пікір айтып жатыр. Сіздің ойыңыз?
  2. Қазақстан ұйымда жетекші ойыншыға айналды деген сарапшылар пікірі бар. Жалпы осындай саммит өткізу біздің ел үшін қаншалықты маңызды?
  3. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы қалай өтті? Өзіңіз білесіз, Экология жылы ретінде жарияланды. Біздің елдің бастамалары қаншалықты іске асып жатыр?
  4. Астана саммитінде бірқатар құжат қаралады деген мәлімет бар. Ол қандай мәселелер болуы мүмкін?
  5. Жалпы қазір ұйым аясында Қазақстан үшін өзекті мәселе қандай?
  6. Астана саммиті Шанхай ынтымақтастық ұйымы тарихында екі форматта өтетіні айтылып жатыр. "ШЫҰ плюс" форматындағы алғашқы кездесу өтеді. Оған Түркия, БАӘ, Қатар, Әзербайжан, Түрікменстан мен Моңғолия көшбасшылары және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысады. Осы жайында тарқатып берсеңіз?

Айнұр Абайқызы, саяси ғылымдар кандидаты, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы: