Сарапшы пікірі. Жұмысшы мамандықтар мәртебесі
Қоғамда еңбекқорлықты, нағыз маман болуды дәріптеу өте маңызды. Ал кәсіби маман қай жерде де сұранысқа ие. Қазіргі таңда қай салада білікті мамандар тапшы?
Оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара байланысы қалай реттеліп жатыр? Бұл сұрақтардың жауабын студия қонағы – Техникалық және кәсіптік білім департаменті басшысының орынбасары Ақзира Қасымовадан білейік.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты елімізде бұл бастаманы іске асыру мақсатында қандай жұмыстар жүріп жатыр?
- Президенттің тапсырмаларына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қандай реформалар жоспарда бар? Қандай өзгерістер күтеміз?
- Қазіргі уақытта еңбек нарығында жұмысшы мамандықтары бойынша жағдай қандай: қай мамандық сұранысқа ие?
- Қандай салаларда білікті мамандар тапшылығы байқалады және ол қаншалықты үлкен?
- Колледждердің жұмыс берушілермен кадр даярлау бойынша өзара байланысы қалай? Қазіргі таңда жастарға техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасап жатыр.
- Жастар арасында техникалық және кәсіптік білім беруге қызығушылық қалай? Түлектердің көбі жоғары оқу орындарын таңдамайды ма?
- 2025 жылы Қазақстан колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғайды ма және бұл сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға қалай әсер етеді?
- Жақында БАҚ беттерінен WorldSkills Kazakhstan 2024 республикалық чемпионаты туралы ақпарат жарияланды. Осы чемпионат бойынша ақпарат берсеңіз.
Спикер: Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаменті басшысының орынбасары.