Жерасты су көздері қай уақытқа дейін жетеді? Жайық Ерікұлы

Жерасты су көздері – жер бетіндегі экожүйелер мен адамзат үшін аса маңызды ресурс. Климаттық өзгерістердің әсерінен судың маңыздылығы артып келеді, ал су тапшылығы – жаһандық мәселе.

Қазақстанда да бұл тақырып өзекті: су қоймалары салынуда, жерасты су көздері зерттелуде, бірақ әлі де түйткілді сұрақтар бар. Жерасты сулары қоры қанша? Оның қаншасы ішуге жарамды? Болашақта тұщы су тапшылығына дайынбыз ба? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бүгін біз студиямызға ҚР СРИМ Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлын шақырдық.

  1. Алдымен былтырғы су тасқынына тоқталсақ. Бұл жағдай бізге біраз сабақ болды. Қазіргі су қоймаларының салынып жатқаны жақсы жаңалық, бірақ су тасқынының тағы қайталану ықтималдығы жоғары болатын тәрізді.

Мұның бір себебі жерасты суларының деңгейі көтеріліп кеткен жоқ па деген сұрақ туындайды. Өйткені қар суы жайылып, жерге сіңбей жатып алуы мүмкін. Содан тасқын туындайды. Бұған не дейсіз?

  1. Жалпы жерасты су мөлшері қанша? Оның қаншасы ішуге жарамды? Біздің елде бұған тиісті зерттеулер жүргізіле ме?
  2. Қазақстандағы су тапшылығы бар аумақтардағы мәселелерді шешуге жерасты сулары көмектесе ала ма?
  3. Елдегі жерасты суларын егістіктерді суғару үшін пайдалану үлесін арттыру жоспарда бар ма?
  4. Әлем уақыт өте тұщы судан тапшылық көреді деген тұжырым бар. Бұған біздің дайындығымыз қалай?

Спикер: Жайық Ерікұлы, ҚР СРИМ Жерасты сулары департаментінің директоры.