Дархан Сатыбалды қызметінен босатылды

фото: akorda.kz

Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.