Президент метапневмовирус туралы пікір білдірді
Мемлекет басшысы жұртты алаңдатқан метапневмовирус туралы пікір білдірді, деп хабарлайды 24kz.
Президент елдегі эпидемиологиялық жағдайдың бақылауда екенін, ал инфекцияға байланысты халық арасында дүрбелең туғызудың қажеті жоқтығын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұл мәселе бойынша толқудың, даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Ол жалпы ауру. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек.