Жас сарапшылар «Талдау мектебін» ашуды ұсынды | Сенат сөзі
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Кездесуге Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Клуб мүшелері мен арнайы шақырылған сарапшылар қатысты. Отырыста азаматтық қоғамның даму үрдісі мен еліміздегі медиа саласының болашағы туралы ой өрбітілді.
Бүгінгі шығарылымда қозғалатын мәселелер:
- Ақ пен қараны ажыратуға жәрдемдесетін қоғамдық жоба. Жас сарапшылар «Талдау мектебін» ашуды ұсынды.
- Донор аймақты діңкелетпейік. Депутаттар Атыраудың бюджет кірісінен алынатын алымды азайтуды сұрайды.
- Қазақ-тәжік қатынасы. Екі елдің Парламент палаталары мызғымас мәмілеге қол қойды.