Қарқаралыда ерекше форматтағы марафон өтті

Қарқаралы - Қарағанды облысына қарасты елдімекен. Нақтырақ айтқанда, Қарағандыдан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Дәл осы жерде «Қарқаралы марафоны» екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. «Қарқаралы марафоны» ұлттық парктің ішінде өтеді. Қатысушылар экстрималды жағдайда 21 шақырымды бағындыруы керек. Жоба авторы Думан Бейсенаев жарысты дәстүрлі өткізу арқылы әлемдік аламанға айналдырғысы келеді. Париж олимпиадасына бара жатқан ұлттық құрамамызды, қазақстандық қыз-жігіттерді қолдау мақсатында осы бәсеке ұйымдастырылды. Біз ақпараттық қолдау таныту үшін осы жерге арнайы табан тіреп тұрмыз.