Жүргізуші куәлігін сататын ХҚКО қызметкерлерін қалай жазалауға болады?
Қалай ойлайсыз, жол ережесін бұзатын, өзінің ғана емес өзгенің де өміріне қауіп төндіретіндер қайдан шығады? Олар кім? Әрине, олардың көбі көлік жүргізуші куәлігін сатып алғандар. Кешеге дейін елімізде бұл құжат ашық саудаға түсті. Ең қызығы, ол үшін ешкім жазаланбады, жауап бермеді. Бірақ алаңсыз күндердің де соңы болады екен. Енді бұған жауапты ХҚКО қызметкерлеріне, арадағы делдалдарға қатысты қылмыстық іс қозғалады. Бүгін осы жайлы айтамыз.