Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейіп келеді
БҰҰ 2030 дейін орнықты дамуға арналған жоспары бар. Оның аясында әлем мемлекеттері алдында кедейліктен құтылып, теңсіздікті жоямыз деген сынды маңызды мақсаттар тұр.
Есіңізде болса, бір кездері«Қазақстан-2030» стратегиясы туралы да жиі айтылатын. Біз де жақсы өмірге ұмтылып жатырмыз деп ұрандатушы едік. Дегенмен, дес бермей келе жатқан сыбайлас жемқорлықты жоймайынша ешбір елдің ешқандай жойқын жоспары жүзеге аспайтыны анық.