Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметкерлерге арналған курс іске қосылды

Жемқор десе қолында белгілі бір деңгейде билік бар шенеуніктер еске түседі. Келісесіз ғой? Өйткені «қазына қаржысын жымқырды», «пара алды» деген күдікпен ұсталып, сотталып жатқандардың дені мемлекеттік қызмет атқарған. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейіп, жаза қатаңдағанымен бұл қылмысты түбегейлі жойып жіберу әзірге мүмкін емес. Жемқорлар өз құлқынын өзі игере алмай отыр. Сондықтан ырыққа көнбей келе жатқан бұл індеттің алдын алуға көп көңіл бөлініп отыр. Антикор пилоттық режимде мемлекеттік қызметкерлерге арналған онлайн курсты іске қосқан. Шенеуніктер бұл курстан қалай және қай жерде өтті?