Жаңа демалыс орны салынады

Өскеменде жаңа демалыс орны пайда болады. Астана көшесіндегі жағажай абаттандырылып жатыр.

Ол Абай және Шәкерім даңғылын байланыстырады. Мердігер Үлбі өзенінің жағасын көркейтіп, сәулетті мүсіндер орнатып жатыр. Ал құрылысшылар көшені асфальттап, 7 мың көшет егеді. Демалыс орны «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала күніне орай ашылады.

Әлішер Бекен, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Бұл Өскемендегі ең жақсы демалыс орындарының бірі болады. Сонымен қатар “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбіліктер ғана емес, абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр.