Қарағанды қаласында экологиялық ахуал қандай деңгейде?

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – тұрмыстық қалдықтарды жою екені сөзсіз. Бұл экология түйткілі әр әлем тұрғынын алаңдатары анық. Елімізде 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40%, 2050-де 50%-ға дейін жеткізу межесі қойылған. Ал Қарағанды облысында бұл іс 2015 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Тіпті алдыңғы жылдары «қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі шаралар кешені» әзірленген еді. Қазірде оның нәтижелер қандай, өңірде оң өзгеріс байқала ма? Бағдарлама барысында анықтаймыз.