Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл құжат экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды.
Мақсат – жастарды экологиялық жобаларға тарту. Жыл бойы лекциялар, эко-сағаттар және экологиялық зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Осылайша, биыл 90 мыңнан астам ерікті азамат абаттандыру және көгалдандыру акцияларына қатысты. Мақсат - халықтың экологиялық сауатын арттыру мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу, ластану деңгейіне мониторинг жүргізу тақырыптарын жария ету, абаттандыру және эковолонтерлікті дамыту жөнінде конкурстар өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұжырымдаманың негізгі бағыты – азаматтардың белсенділігін арттыру. Осы орайда экологиялық басқару жүйесін құру үшін тұрақтандыру қорларының жұмысы күшейтіле береді. Аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды республикалық акциялар өткізіледі.