Көлсай көлі – туристік және экологиялық бағытта үздік өңір

Алматы - жылына 2 миллионнан астам турист бағыт алатын мегаполис. Алатау баурайындағы ару қала қолайлы ауа райымен, тау-шаңғы курорттарымен, сұлу табиғатымен өзіне меңмұңдалап шақырары сөзсіз. Бүгін бізде туристер көп табан тірейтін, танымал - Көлсай көлдеріне және ондағы туристік және экологиялық бағытта үздік деп танылған ауылға барып қайтпақпыз. Ендеше алда 330 шақырымдық жол жатыр.