Еңбек қауіпсіздігі - елеулі мәселе | Заң бойынша
Елімізде жыл сайын бір мыңнан астам жұмысшы жарақат алады. Бұл ресми тіркеліп, белгілі болғаны ғана. Ел ішіндегі "Бас жарылса - бөрік ішінде, қол сынса - жең ішінде" дейтіндердің қанша екені белгісіз. Өндірісте болып жатқан оқыс оқиғалардан екі жүзге жуық жұмысшы көз жұмады. Әлбетте, кәсіби тәуекелді қашанда дұрыс бағамдаған жөн. Бүгінгі бағдарламада еліміздегі еңбек қауіпсіздігі мәселесін саралаймыз.
"Заң бойынша" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.