Қасіретті қаңтар оқиғасы | Заң бойынша
Қаңтар оқиғасынан бері бір жыл өтті. Бұл оқиға тәуелсіздік алғаннан кейінгі ел тарихындағы ең үлкен наразылық болды. Соңы қанды қақтығысқа ұласқан шеруде қаншама адамның өмірі қиылды. Тарихта «қаралы қаңтар» атымен өшпес із қалды. Ал, сол оқиғадан бері не өзгерді? Кінәлілер жазаланды ма? Осы мәселеге қатысты жақында Мәжілісте Бас прокурор мен Ішкі істер министрі бірқатар сұраққа жауап берді.