Үлескерлердің мәселесі қалай шешіледі? | Заң бойынша
Баспанасы базынаға айналған үлескерлер көбейіп барады. Жөн жосықсыз құрылыс салатын компаниялардың кесірінен кей азаматтар жылдар бойы пәтерге деп тірнектеп жинаған қаражатын қайтара алмай жүр. Соңғы екі жылда тергеу органдарына 20 қылмыстық іс тіркеліп, 16 адам сотталған. Олардан келген шығын 30 млрд теңгеден асып жығылады. Президент осыған қатысты жыл басында сәулет және құрылыс саласындағы бақылауды күшейтудің, құрылыс компанияларының жауапкершілігін қатаңдатудың жаңа тәсілдерін енгізуді тапсырған болатын.