4,5 мың интернет алаяқтық анықталды | Заң бойынша
Тек биыл елімізде 4,5 мың интернет алаяқтық жасалды. Ішкі істер министрлігі ұсынған статитика осындай. Еліміздің банктері мен байланыс операторлары алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеме жасаған еді. Пысықайлар қазір елдің ақшасын интернет-мессенджерлер арқылы үптеп кетуге тырысады екен. Қаржы жобаларын ұсынып, өзін брокермін деп таныстыратын алаяқтар да қаптап кеткен.