Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажет
Елімізде тек бір жарым жыл ішінде банктен несие алғандардың үлесі 27%-ке өскен. Қазір 8,5 млн-ға жуық қазақстандықтың қарызы бар. Ал жарты жылда отандастарымыздың несиелік қарызы 3 трлн теңгеге өсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында банктердің тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін, азаматтардың шектен тыс қарызға батып жатқанын айтқан еді. Бұл мәселе Мәжілісте де көтерілді.