Прокурорлық қадағалау нәтиже бере бастады
Қазақстан - құқықтық мемлекет. Ал оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқы мен бостандығы. Бұл Қазақстан Конституциясында жазылған. Сондықтан қай істе болмасын Ата Заңымыздың дәл осы бірінші бабы басшылыққа алынуы тиіс. Жаңа құрылған облыстардағы заңның сақталуына шолу жасауды ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі кезек - Жетісу облысында. Өңірде не өзекті? Қай мәселе ерекше қажыр-қайратты қажет етеді? Осыған назар аудармақпыз.