Елде электронды темекі түрін саудалауға тыйым салынбақшы
Вейп өнімін сатқандар темір торға тоғытылады. Елде электронды темекі түрін саудалауға тыйым салынбақшы. Шектеуді ескермей, халық денсаулығынан, қалтасының қамын биік қоятындар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда атаулы сауда айналымын тоқтату туралы Президент пәрмен берген болатын. Бүгінде заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа жолдады.