Есірткіге қарсы тұруға дәрмені жетпейтін жастардың саны артып барады
Елімізде қылмыс деңгейі төмендеп келеді. Биылғы 11 айда прокуратура органдарына 439 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 41 мыңнан астамы мәні бойынша оң шешімін тапқан. Бас прокуратура мен облыс прокурорлары 15 953 жеке және заңды тұлға өкілдерін қабылдады. Бұл – құқық қорғау органдарының халықпен белсенді әрекет етіп, азаматтардың мәселелерін шешуге ұмтылысын көрсетеді. Ал халқы тығыз орналасқан Шымкент қаласындағы қылмыстық ахуал қандай? Онда заңдылықты сақтау мекемесі өз міндеттерін қаншалықты жүйелі атқарып келеді?