Астана-Бурабай тас жолы қалай күтіп ұсталады?
Астананың у-шуынан шаршаған жұрт тұмса табиғатты іздеп Бурабайға барады. Қос аралық 200 шақырымнан асады. Тақтайдай тегіс жол. Осыдан 15 жыл бұрын ел игілігіне берілген инфрақұрылымның құны да қымбат. 15 млрд теңге жұмсалған.