Жолдау-2024: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялады. Және елімізде техникалық әрі кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екенін де баса айтты. Президенттің сөзінше жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттай аламыз. Бір сөзбен айтқанда, мұның бәрі еңбек адамының мәртебесін көтеру. Бүгінгі бағдарлмада біз кәсіптік білім беру саласына акцент қойып, жіліктейміз.