Жолдау-2024: Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру

Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыруды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бес жыл бұрын айтқан. Естеріңізде болса 2019 жылғы Халыққа Жолдауында "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсынды. Бұл адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін деген іргелі қағида аясында көрініс тапқан идея еді. Бес жылда талай жұмыстар атқарылғанын көз көрді. Биылғы Жолдауда да ел Президенті мемлекет дамуында шешуші рөл атқаратын бірқатар жүйелі мәселелерді айқындайтын мемлекеттік басқару ісінің тиімділін арттыруды ерекше атап өтті. Бүгінг бағдарламада осы тақырыпқа акцент қоямыз.