Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтті
Елдегі колледждерде жаңа мамандық түрлері оқытыла бастады.
Кәсіптік оқу орындары атом энергетикасы, дрон құрастыру және машина жасау салаларына қажет мамандарды даярлауды қолға алды. Түрлі жұмысшы мамандықтарының әлеуеті елордада өткен республикалық фестивальде паш етілді.
Ауқымды жиын ірі өнеркәсіп орындары, студенттер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бір алаңға тоғыстырды. Бірегей форматтағы фестиваль, жұмысшы мамандықтар жылын ашатын алғашқы ресми шара болды.
Жұмысшы мамандық иелеріне қашанда құрмет жоғары. Олар ел экономикасының нағыз қозғаушы күші. Ендігі міндет – осынау мамандық түрлеріне жастардың қызығушылығын арттыру, білімді де білікті кадрлардың жаңа шоғырын қалыптастыру. Жұмысшы мамандықтар жылының жылашар фестивалінің мән-маңызы осында. Салтанатты шараға премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып, бүгінде қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер жоғары бағаланатынын атап өтті. Ал өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырып, елдің өсіп-өркендеуіне ықпал етеді деді.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Мемлекет басшысының жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астана төрінде жұмысшы мамандықтар қалашығын ашып отырмыз. Жұмысшы мамандықтар қалашығының ең негізгі мақсаты – жұмысшы маманының жаңа идеологиясын сіздерге жастарға таныстыру. Жұмысшы мамандығы бұрыңғыдай ең өнімділігі төмен жұмыс емес. Бүгін дрондарды жинайтын, егіс алқаптарында дрондарды басқаратын, жаңа технологияларды басқаратын профессионал.
Жұмысшы мамандықтарына мемлекеттік қолдау мен көңіл бөлу олардың имиджі мен беделін жақсартуға әсер етеді. Фестивалдің көздегені де осы: жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз мамандарды қалыптастыру деді Тамара Дүйсенова.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Бүгінгі қалада сіздер 50-ден артық үйлерде жаңа мамандықтар иелерін, жаңа технологияларды, жаңа азаматтарды көресіздер. Сіз олармен бірге, бүгінгі жаңа мамандық таңдаған жастармен бірге олар қандай жетістікке жеткенін, олар қандай халықаралық ареналарда жұмыс жасап жүргенін және болашақпен танысатын боласыздар.
Иә, елдегі оқу орындары заман ағымына бейімделу үстінде. Бір сөзбен айтқанда, колледждер күрделі трансформациядан өтуде. Талдықорған жоғары политехникалық колледжі елдегі дрон операторларын дайындайын алғашқы оқу орны. Дипломы бар мамандар қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы, өндіріс, аэро ғарыш саласында үлкен сұранысқа ие.
Шыңғыс Нұрғожаев, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры:
Заман ағымына сай дәстүрлі жұмысшы мамандық түрлері де дамып келеді. Фестивальде Қарағанды техникалық колледжінің студенттері құрылыс саласында жаңа технологияларды, құрал-жабдықтарды пайдалануды көпшілікке паш етті. Көп жылдық тарихы бар оқу орны елдің құрылыс саласына қажет кәсіби, сапалы кадрларды даярлап отыр.
Рымбек Алтайбаев, Қарағанды техникалық колледжінің оқытушысы:
Фестиваль өзінің ауқымы жағынан ерекшеленді. Оған елдегі ірі компаниялар қатысып, жас мамандарға өздерінің техникалық мүмкіндіктерін, заманауи ай-ти шешімдерді көрсетті.
Қуандық Танабас, тілші:
- Жұмысшы мамандығы ол қол еңбегін талап ететін ауыр жұмыс түрі емес. Мәселен, мынадай заманауи темір жол құрамдарын жүргізу үшін инженерлік қабілеті, айти ден хабары бар мамандар қажет. Отандық теміржол саласына білімді де білікті мамандар ауадай қажет. Фестиваль аясында жастар қауымы саланың қазіргі тыныс-тіршілігімен етене танысып, мол ақпарат алды.
Жігер Сейітов, машинист:
Ал Астана политехникалық колледжінің студенті Айнұр Садықтың арманы борт серік болу. Шара барысында ол әуе компаниясының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Осы салада көп жылдық тәжірибесі бар мамандармен сөйлесіп, бортсерік болудың жолдары, мамандықтың қызығы мен қиындығы туралы сұрап білді.
Айнұр Садық, Астана политехникалық колледжінің студенті:
- Бүгін осы шараға – ұнады. Фестивальде жұмысшы мамандықтары санатына жататын 200-ден астам кәсіп түрлері келушілер назарына ұсынылды.
Арсен Елубай, медициналық колледж студенті:
- Дипломымды аламын, жоғары оқу орнына түсіп, Қазақстан медицинасын дамтылқым келеді. Елге инновация алып келіп, Қазақстан медицинасын әлемдік деңгейге шығару ойымда бар. Бұл мамандықты өзім жүрегіммен қаладым.
Фестиваль бірнеше күнге созылады. Оған елдің аймақтарынан 3000-нан астам оқушылар мен студенттер қатысады.
Санжар Тәтібеков “Talap” КЕАҚ президенті:
- Бұл шараның негізгі аудиториясы бұл жас буын. Бизнестің мүмкіндіктерін көруге жасалған үлкен алаң. Ол тек мектеп оқушылары ғана емес, нид санатындағы жастар. Сонымен қатар, қоғамдағы жалпы, жұмысшы мамандықтар өкілі, бизнес өкілдері. Қазір 9 өңірде жаңа мамандықтар бойынша атлас басталып кетті. Осы фестиваль аясында елімізді дамытуға бар мұмкіндігіміз бар.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаяды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл жұмысшы мамандықтарына деген мемлекеттік қолдаудың жарқын үлгісі деді. Алдағы уақытта да сала мамандары үшін әлеуметтік қолдау түрлері тек арта бермек.
Қуандық Танабас, Артур Горшняков