Жер бетінде жылан көбейеді

Осыдан 3 ғасыр бұрын жоғалып кеткен жыландар қайта пайда болды.

Ұлыбританияның Уэльс бөлігінен Эскулап атты бауырымен жорғалаушы жәндік табылды. Ғалымдар бұл жыландардың шығу тегін сонау Мұз дәуіріне жатқызады.

Қазір Эскулап жыландарының қайта пайда болуы мемлекет деңгейінде талқыланып жатыр. Егер бұлар адамға қауіп төндірер болса, жаппай жойылуы мүмкін.

Жалпы бұл жаһандық жылынудың әсері. Бұл жөнінде әлемдік зерттеушілер, экологтар не дейді?

Күн жылыған сайын Жер бетінде жыландар көбейеді

YOUTUBE.COM/NATIONALGEOGRAPHICUK

Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады дейміз. Күннің бетін бұлт торламаса, жылан інінен өзі-ақ шығатын түрі бар. Бұл қалай?!

Жаһандық жылыну зардабын миллиондаған тіршілік иесі тартып отыр. Бұдан ұтатын жалғыз жануар - жылан болмақ. Ғалымдар 2070 жылға қарай, батысафрикалық "габуин" жыланының тіршілік ету ортасы 250%-ға, ал еуропалық жылан екі есе өседі деп болжап отыр. Ғаламдық жылыну улы жылан түрлерінің жаңа аймақтар мен елдерге жаппай жылыстауына себеп болады. Атап айтқанда, улы бауырымен жорғалаушылар Непал, Мьянма, Нигерия және Намибияда пайда болуы мүмкін, олардың тұрғындары бұрын қауіпті бауырымен жорғалаушылармен кездеспеген. Сонымен қатар, Қытайда да қауіпті жыландар пайда болады деген болжам бар. Бұл ретте, эколог мамандар дабыл қағып отыр. Өйткені, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, жыл сайын, улы жылан 138 мыңдай адамды шағып өлтіреді. 400 мыңдайы сал болып қалады.

ЦИТАТА:

Бұл жаңа зерттеу жұмысы улы жыландардың бұрын соңды тіршілік етпеген жерлерде пайда болып жатқанын көрсетеді. Бұл ретте адамзатты және қоршаған ортаны қалай қауіпсіз сақтай алатынымыз туралы ойлау маңызды.

Пабло Ариэль Мартинес, макроэкология және макроэволюция ғылымдарының профессоры / Аргентина, Cержипи университеті/:  

Жылан - табиғаттың тепе-теңдігін сақтаушы

Жылан негізінен Антарктида, Жаңа Зеландия, Исландия, Ирландия және Атлант мұхитының аралдарынан басқа, барлық жерде мекендейді. Суықты ұнатпайтынын осыдаy-ақ көруге болады. Қазір тиіндер мен кесірткелер азайғандықтан, оларға қоректену қиынға соғады. Сондай-ақ, бауырымен жорғалаушылар орман өрттерінің көбеюі мен су тапшылығының салдарынан қырылып қалуы мүмкін. Дегенмен, жылан табиғаттың тепе-теңдігін сақтаушы ретінде танылған. Олар кеміргіштерді, шыбын-шіркейлерді және басқа да ауылшаруашылық зиянкестерінің санын азайтады. Ғылымда 3 мыңнан астам түрі белгілі. Соның ішінде 725-і улы. Уы медицинада дәрі ретінде қолданылса, терісі бағалы болғандықтан, сәнді бұйымдар жасалады.  

Жыланды үйде асырауға бола ма?

YOUTUBE.COM/DISCOVERYUK

Жыланның өзіне тән тіршілік ету ортасы бар. Ол үй жануары емес. Десе де, кейінге уақытта экзотикалық жануарларды үйде бағатындар қатары көбейіп келеді. Мәселен, АҚШ-та осындай миллионнан астам бауырымен жорғалаушы өзіне беймәлім ортада тіршілік етіп жатыр. Мұндай рептияларды үйде баққысы келген адамдар, ең алдымен, оны үйде ұстау, өсіру, дамыту ерекшеліктеріне ден қойғаны жөн. Бұл жәндік түрінің тіршілік етуіне қолайлы барлық тұрмыстық жағдайлары жасалып, реттелгеннен кейін ғана оны бағуға болады. Өйткені, үй жануары ретінде саналатын жыландардың өмірі қысқа болады. Тіршілік ету ұзақтығы 10 жыл болса, 1 жылға жетпей өліп қалуы мүмкін.

ЦИТАТА:

Табиғи тіршілік ету ортасында питондардың ұзындығы шамамен 30 футқа жетеді. Ал "үй жануары" ретінде сатылатын жыландар тығыз  цистерналарға салынған. Олар басқа үй жануары сияқты адамның өмір сүру салтына бейімделе алмайды. Әрі жылан адамнан қатты сескенеді.

«Peta» жануарлардың құқығын қорғау орталығының дерегі

Құс көгінде, қасқыр орманында, балық суында, жылан құрлығында тіршілік етуі тиіс. Сонда ғана табиғатта тепе-теңдік болмақ.