Е.Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды 

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі үшінші рет ұзартылды.

Сот шешімімен 30 сәуірге дейін үйқамақта отырады. Бұл туралы экс-министрдің адвокаты мәлімдеген. Өткен жылдың 3 қаршасында экономикалық тергеу қызметі Біртановқа қатысты ірі көлемде бюджет қаржысын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастаған еді. Сол кезде экс-министрді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген. Тергеуге байланысты қосымша ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Сондай-ақ...