Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен кездесті

Ұшақтан түскен бойда Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Бұл екі ел басшыларының биылдыққа алғашқы көрісуі емес. Бұған дейін мамырда Президент Душанбеге ресми сапармен барған болатын. Бұл жолы тараптар ертең және бүрсігүні өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне дайындықты пысықтады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы да сөз болды. Былтыр Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы пандемияға қарамастан 900 млн доллар болған. Мәдени-гуманитарлық бағыттарда тығыз байланыс орнаған. Әсіресе, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап өту керек.