470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ерлан Қиясов бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды

  • 245
  • UPD: 10:30, 27.01.2022
Ерлан Қиясов бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 

1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы. 

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы