Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың 20-сы кездейсоқ оққа ұшқан

Қаңтар дүрбелеңінен соң тергеу барысында азаптауға қатысты 234 іс қозғалды.

Мәжілісте депутаттық сауалға жауап берген Бас прокурор Берік Асылов бұндай ауқымды істі тергеуді аяқтау үшін 2 ай уақыт аз екенін айтты.

Кейбір фактілер терроризм актілері ретінде сараланды. Экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі ұсталды, терроризм актілері бойынша 46 қылмыстық іс тергеліп жатыр, Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалған, 766 күдікті қамауға алынды. Ұсталғандардың ішінде 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонау, қарақшылық әрекеттері үшін бұрын сотталғандар. Жалпы елімізде қаңтар қасіреті кезінде қаза тапқандардың саны 230 адамға жетті.