ҚМА төрағасы Президентке не туралы баяндады?

Қазақстандық кәсіпкерлер қылмыстық қудалауға ұшырамайды.

Бұл туралы Президент қабылдауында Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы мәлімдеді.

Жанат Элимановтың айтуынша, экономикалық қылмыстар азайып келеді. Ал тергеу амалдарының мерзімі 3 есе қысқарған. Соның арқасында қылмыстық қудалауға жол жоқ. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын мүлтіксіз қорғау қажет екеніне назар салды.

Айта кетейік, биыл елде 700-ден астам экономикалық қылмыс тіркеліп, 67 миллиард теңгенің шығыны өтелген.

Жанат Элиманов, қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы:

- Біз жаппай қылмыстық істерді қозғаудан және құқық қорғау органдары бөлімшелерін статистикалық бағалаудан бас тарттық. Нәтижесінде жыл сайын тіркелетін экономикалық қылмыстардың саны азайды. Біз бұған дейін ашылған 3 мың қылмыстық істі тоқтаттық. Бұл көптеген кәсіпкерге еркін жұмыс істеуге мүмкіндік берді.