Президент Алматы әкімін қабылдады

Алматыдағы Абай даңғылының оңтүстігіндегі таулы аумаққа 9 қабаттан биік ғимарат салуға болмайды, деп хабарлады 24.kz

Шаһар әкімі Ерболат Досаев бүгін Президенттің қабылдауында болып, жаңа ереженің жәй-жапсарын таныстырды. Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жоспарын баяндады.

Айтуынша, қалада экономикалық тұрақтылық қалыптасты. Негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 20,9 проценттен асқан, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 19,5 пайызға көбейді. Мегаполис басшысы осы ретте «Алматының 2025 және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» жобасын ұсынды. Президент Алматы қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысына Абай даңғылының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда 9 қабаттан биік ғимараттардың құрылысын жүргізуге тыйым салатын жаңа ережелердің қабылдануы, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жоспары туралы мәлімет берілді.